Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және CITIC Group басшылары CASPI BITUM кеңейту жобасын талқылады

02.07.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов CITIC Group қытай компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Си Гуохуамен және CITIC Resources Holdings Limited бас атқарушы директоры Хао Вэйбаомен кездесті.

Тараптар Ақтау битум зауытының «CASPI BITUM» ЖШС) өндірістік қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін кеңейту жөніндегі жобаны іске асырудың ағымдағы мәртебесін талқылады. Өткен жылы «NJPEC» институты (ҚХР) жоба бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеп, зауыттың техникалық аудитын жүргізді. Ағымдағы жылдың мамыр айында құрылыс бойынша РС-келісімшарт жасалды және қазіргі уақытта егжей-тегжейлі жобалау жұмыстары жүргізілуде.

А.Хасенов Қазақстан үшін битум өндірісін дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өте отырып, 2025 жылғы жол-құрылыс жұмыстары маусымы басталғанға дейін зауытты іске қосудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, CITIC Group басшылығымен кездесу барысында «Қаражанбасмұнай» АҚ бірлескен кәсіпорнының өндірістік қызметі мәселелері қаралды.

ҚМГ басшысы ұлттық компанияның CITIC Group серіктестерімен өзара іс-қимылды нығайту бағытының өзгермейтіндігін растап, бірлескен жоспарлардың табысты іске асырылатынына сенім білдірді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>