Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз «Болашақ» жобасын бірлесіп жүзеге асыру үшін стратегиялық серіктес іздейтіні туралы хабарлайды

13.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Болашақ» жер қойнауын пайдаланудың жаңа жобасын бірлесіп жүзеге асыру үшін стратегиялық серіктес іздейді. 

1) Жер қойнауын пайдаланудың жаңа жобасының (жер қойнауы учаскесінің) атауы – «Болашақ», Болашақ жер қойнауы учаскесі.                                                         

2) Жер қойнауы учаскесінің орналасқан жері – Маңғыстау облысы (Каспий теңізінің қазақстандық секторында ішінара орналасады). Жер қойнауы учаскесі координаттарын көрсете отырып, Мемлекеттік қорды басқару бағдарламасына енгізілген, сонымен қатар ұлттық компанияларға жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған жер қойнауы учаскесі аумақтарының тізбесіне кірген. Құжатқа сілтеме – https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/documents/details/446556?lang=ru

3) Жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін «Болашақ» жобасын инвестициялық қаржыландыруды жүзеге асыру бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегиялық серіктесін таңдау өлшемшарттарын белгілейтін заңды тұлғаларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар):

Бұл талаптар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27-желтоқсандағы №125-VI кодексіне сәйкес әзірленді.

Ұйым – қазақстандық немесе шетелдік заңды тұлға (немесе екі және одан да көп заңды тұлғалардың бірлестігін).

Бас компания – Ұйымның  100% үлесін (акциялар пакетін) иемденетін заңды тұлға.

  1. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш берушінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға екенін куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), Ұйымның атауы және орналасқан жері.
  2. Стратегиялық серіктесті тікелей немесе жанама түрде бақылайтын басшылар, заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәлімет.
  3. Стратегиялық серіктестің соңғы үш жылда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, оның алдыңғы қызметі туралы мәлімет.
  4. Ұйым тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық үстінде болмауы керек.
  5. Ұйымның салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері бойынша өтелмеген берешегі болмауы тиіс.
  6. Барлау кезеңінде жұмыстарды орындау көлемі, сипаттамасы және мерзімдері қамтылған жұмыстар бағдарламасын атқару үшін жеткілікті қаржысының бар болуын растау.
  7. Ұйым «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 103-бабының 7-тармағында белгіленген тәртіппен тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу мақсаттары үшін жасалған бірлескен қызмет туралы шарт (келісім) бойынша және (немесе) қаржыландыру туралы келісім бойынша барлауды инвестициялық қаржыландыруды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемені өзіне алуға тиіс.
  8. Ұйым қол қою бонусын төлеу немесе көмірсутектер саласындағы ұлттық компания төлеген қол қою бонусының сомасын өтеу бойынша міндеттемеалуы тиіс.
  9. Ұйымның Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) шетелде геологиялық барлау және өндіру жұмыстарын жүргізуде кемінде 5 жыл оң тәжірибесі болуға тиіс.
  10. Ұйымда мұнай-газ саласында кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандардың (менеджменттің) болуы.
  11. Жер қойнауын пайдаланудың жаңа жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, қаржы есебімен және өзге де құжаттармен расталған Ұйымның жеткілікті қаржылық тұрақтылығы. Ұйымның жеке капиталы кемінде 100 000 000 (жүз миллион) АҚШ доллары болуы тиіс.
  12. Ұйым немесе оның Бас компаниясы Forbes нұсқасы бойынша мұнай-газ саласындағы дүниежүзі бойынша ең ірі жария компаниялардың (Oil & Gas Operations) тізіміне кірген жағдайда (https://www.forbes.com/global2000/list/), Талаптардың 9, 10 және 11-тармақтары қолданылмайды.

4) Талаптарды растау үшін ұйымдар ұсынуы тиіс құжаттардың тізбесі:

  1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың немесе өзге де құжаттың) көшірмесі, сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш берушінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға екенін куәландыратын басқа құжат, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) үшін – консорциум туралы келісімнің көшірмесі және консорциум қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктердің (анықтамалардың немесе өзге де құжаттардың) көшірмелері.
  2. Белгіленген тәртіппен бекітілген Жарғының көшірмесі, Үлгілік жарғы негізінде тіркелген заңды тұлғалар үшін - Заңды тұлғаны тіркеу туралы белгіленген нысандағы өтініштің көшірмесі.
  3. Басшылар мен олардың өкілеттіктері туралы деректерді, қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) мөлшерін көрсетіп, қатысушылар (акционерлер) туралы деректерді, өтініш берушіні тікелей немесе жанама түрде бақылайтын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар туралы деректерді, мұндай қағаздардың жалпы санын көрсетіп, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында заңды тұлғаның бағалы қағаздарының айналымы туралы деректерді, еншілес ұйымдар туралы деректерді қоса алғанда ақпараттық құжат.
  4. Ұйым соңғы үш жылда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, алдыңғы қызметі туралы мәлімет.
  5. Ұйым геологиялық барлау жұмыстарын / жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізетін немесе жүргізген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың немесе өзге де келісімнің нөмірі мен күні.
  6. Мұнай-газ саласында кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесі бар Ұйымның негізгі қызметкерлерінің (менеджмент) тізімі, Ұйымның көрсетілген қызметкерлерінің түйіндемесі.
  7. 2020-2022 жылдарға арналған аудиторлық есептердің көшірмелері және Ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық компанияның растау хаты.
  8. Ұйым немесе оның бас компаниясы Forbes нұсқасы бойынша мұнай-газ саласындағы дүниежүзі бойынша ең ірі жария компаниялардың (Oil & Gas Operations) тізіміне кірген жағдайда, Талаптардың 12-тармағында көрсетілген ақпараттық ресурсқа растайтын сілтемесі бар Ұйымның немесе Бас компанияның хаты.
  9. Құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыс екендігін Ұйымның жазбаша растауы.

Барлық құжаттар қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді. Құжаттарды шетелдік заңды тұлға ұсынған жағдайда, мұндай құжаттардың дұрыстығын нотариус куәландырған, әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріне аудармасын міндетті түрде қоса отырып, өзге тілде әзірленуі мүмкін.

5) Ынтымақтастық бойынша ең төменгі талаптар:

  1. Бірлескен кәсіпорын негізіндегі ынтымақтастық.
  2. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жобадағы үлесі – кем дегенде 50%.
  3. 2 (екі) барлау ұңғымасын (бірінші ұңғыманың тереңдігі 3500 метр және екінші ұңғыманың тереңдігі 4500 метр) бұрғылау жұмыстарының ең төменгі бағдарламасына енгізу және 3Д 432 шаршы километр сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу.

6) Ұйымдардың «Болашақ» жобасын бірлесіп жүзеге асыруға өтінім беру тәртібі мен мерзімі:

Ұйымдар үміткерлерге қойылатын талаптарды растау үшін құжаттарды ұсына отырып,   өтінімдерін «Болашақ» жер қойнауын пайдаланудың жаңа жобасын бірлесіп іске асыру үшін стратегиялық серіктес іздеу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей беруі тиіс.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 8,  «Б» блогы.

7) «Болашақ» жобасын бірлесіп жүзеге асыру үшін стратегиялық серіктесті айқындаудың шарттары мен тәртібі:

Осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен  Ұйымдардан өтінімдерді қабылдау тоқтатылады, бұл жөнінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың www.kmg.kz – корпоративтік интернет-сайтында  жарияланады.

Ұйымдардың белгіленген мерзімде берілген  құжаттарын және  өтінімдерін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ талаптарға сәйкестігін тексереді.

Талаптардың 12-тармағына сай болмаған жағдайда, Ұйым немесе оның Бас компаниясы «Болашақ» жобасы бойынша $1 000 000 (бір миллион АҚШ доллары) көлеміндегі сомада стратегиялық серіктесті анықтау рәсіміне қатысқаны үшін қамтамасыз ету жарнасын төлейді, сондай-ақ «Болашақ» жобасы бойынша ақшалай міндеттерді қамтамасыз ету үшін эскроу-шотын пайдаланады немесе банк кепілдемесін немесе қаржылық жағдайы тұрақты Бас/афиллирленген компанияның кепілдемесін  береді. Қатысқаны үшін төленген қамтамасыз ету жарнасы стратегиялық серіктесті анықтау процесі аяқталғаннан кейін немесе стратегиялық серіктесті іздеуді сәтсіз деп танылғаннан кейін Ұйымға қайтарылады.

 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ банктік деректемелері

Шоттың иесі: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

БИН 020240000555

Банк: «Қазақстанның Халық банкі» АҚ

Шоттың нөмірі (АҚШ доллары): KZ406010111000002040

Шоттың нөмірі (теңге): KZ356010111000002033

Swift БИК коды: HSBKKZKX

Кбе 16

* * *

Талаптарға сәйкес келетін Ұйымдардың тізімі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың www.kmg.kz корпоративтік интернет-сайтында жарияланады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Талаптарға сай келетін Ұйымдарға өзара түсіністік туралы меморандум мен құпиялық туралы келісімді қол қою үшін жолдайтын болады.  Бұл құжаттар «Болашақ»  жобасын бірлесіп жүзеге асыру үшін стратегиялық серіктесті тарту мен айқындау бойынша алдағы барлық рәсімді айқындайды.

Осы хабарландыру «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік сайтында 2023 жылы 13 қыркүйекте жарияланды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>