Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз өндіріс қауіпсіздігіне үлес қосқан қызметкерлерін марапаттады

05.10.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері өндіріс қауіпсіздігіне, еңбек және қоршаған ортаны қорғау ісіне қосқан үлесі үшін марапатталды. Сондай-ақ саладағы көшбасшы компаниялар анықталды.

«Бүгінде ҚазМұнайГаз қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға және бізбен жұмыс істейтін кез келген адамның денсаулығын қорғауға, сондай-ақ кәсіпорындарымыз орналасқан өңірлердің экологиялық тұрақтылығын сақтауға басымдық береді. Біз үшін бұл құндылықтар үлкен маңызға ие», — деп атап өтті ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Үздік қызметкерлер ҚМГ-нің «Қауіпсіздік мәдениетін дамытудағы көшбасшылық» тақырыбында өтетін жыл сайынғы ҚМГ бас директорларының форумында марапатталды.

ҚМГ компаниялар тобында жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттың алдын алуға арналған «Қорғау» қауіпсіздік картасының үздік бақылаушылары аталды: «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС аға инженер-технологы Матвей Гернер, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының электр-химиялық қорғау және әуе желілері шебері Асхат Есенбаев және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның мұнай дайындау учаскесінің шебері Ерболат Қуанышалиев. «Қорғау» қауіпсіздік картасы еңбек және қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатерлерді басқаруға мүмкіндік береді. ҚМГ-нің еншілес ұйымдары мен мердігер компанияларының қызметкерлері бұзушылық фактілері анықталған кезде немесе еңбек қауіпсіздігінің жүйесін жақсарту бойынша ұсыныс енгізу үшін картаны толтырады.

Жиында өндірістегі қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау бағыттары бойынша көшбасшы кәсіпорындар да анықталды. «Қаражанбасмұнай» АҚ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үздік көрсеткіштері үшін марапатталды. Кәсіпорын жұмыс істеп тұрған өрт автоматикасы құралдарын жаңарту және өртке қарсы қызметтің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыстар атқаруда.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәсіпорынның барлық өндіріс алаңдарында үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету бойынша үздік көрсеткіштері үшін марапатталды.

Теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС марапатқа ие болды. Кәсіпорынның кемелері теңіздегі қауіпсіздік бойынша барлық халықаралық стандарттарға сай пайдаланылады және тиісінше жабдықталған. Биыл шілде айында компанияның «Сұңқар» кемесінің экипажы іздеу-құтқару операциясын сәтті жүргізіп, Каспий теңізінің жағасынан үрлемелі матраста 22 шақырым жерге алып кеткен үш қызды құтқарды.

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы үздік көрсеткіштері аталды. Компания өндірістегі жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жіті көңіл бөледі, нәтижесінде соңғы 8 жылда кәсіпорында жазатайым оқиға тіркелген жоқ.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін марапатталды. Компания келісімшарт аумақтарында бұрыннан жиналған мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жұмыстарын аяқтады. Сондай-ақ Атырау қаласында шамамен 9 000 түп ағаш отырғызды.

Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Ойл Tранспорт Kорпорейшэн» ЖШС үздік деп танылды. Компанияда 600-ден астам автотехника бар, ай сайын 15 мыңға жуық жолаушы тасымалданады.

М.Мырзағалиев атап өткендей, қауіпсіздік – ҚМГ-нің басты корпоративтік құндылығы.

«Оқиғаларға «нөлдік төзімділік» таныту – кез келген деңгейдегі басшының сақтауға тиісті маңызды міндеті», — деді ҚМГ басшысы.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2022 жылы Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) «Өмірлік маңызы бар ережелерін» қабылдады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>