Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Транзит әлеуетін дамыту: ҚМГ-Аэро Қазақстан әуежайларында Uzbekistan Airways рейстерін отынмен қамтамасыз етеді

14.05.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Өзбекстанның ұлттық авиакомпаниясы — Uzbekistan Airways әуе кемелерінің «қанатына» жанармай құю бойынша шарт жасасты.

Бұл ынтымақтастық халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес Қазақстан әуежайларында авиатасымалдаушы компаниясының тұрақты рейстерін авиаотынмен қамтамасыз етуді көздейді.

Uzbekistan Airways Ташкентті Еуропа, Азия және Таяу Шығыстың ірі қалаларымен байланыстыра отырып, тұрақты жолаушы рейстерін орындайды.

Шартқа қол қою ҚМГ-Аэроның азаматтық авиация саласындағы халықаралық тасымалдаушылармен ынтымақтастықты кеңейтудегі кезекті қадамы болды.

Жалпы, іске асырылып жатқан шаралар — Мемлекет басшысының елдегі көлік-логистиканың әлеуетін дамытуға, отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанға шетел авиакомпанияларын тарту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған тапсырмаларын орындау аясындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>