Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ-Аэро Ақтөбе әуежайында жанармай құю техникасының паркін кеңейтіп жатыр

25.12.2025

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-ның еншілес компаниясы) Ақтөбе халықаралық әуежайындағы арнайы техника паркі жаңа заманауи жанармай құю автокөлігімен толықты. Оның көлемі — шамамен 28 мың литр.  

Өңірлердегі әуе айлақтарының инфрақұрылымын жаңғырту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің әуежайларын заманауи халықаралық авиациялық хабқа айналдыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүргізілуде. Сондай-ақ бұл отын инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік беріп, жаңа әуе тасымалдаушыларды тартуға ықпал етеді.

Өндіруші компания мамандандырылған автокөлікті Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы техникалық тапсырма бойынша жасаған. ҚМГ-Аэро сарапшыларының ұсыныстарын негізге алып, енгізілген инженерлік шешімдер ауа температурасы -45 °C дейін аязда да сүзу тораптары мен отын беру жүйелерінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ тарапынан барлық қажетті рұқсат беру рәсімдері аяқталғаннан кейін техника рейстерге тұрақты қызмет көрсетіп, әуе кемелеріне жанармай құю үшін қолданылатын болады.

Заманауи жанармай құю машинасының іске қосылуы жердегі лайнерлердің айналым уақытын айтарлықтай қысқартып, қызмет көрсетудің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай өндірістік процестерді оңтайландыру әуежайлардың үздіксіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етуде ерекше маңызды.

Жалпы алғанда материалдық-техникалық базаны жаңартуға инвестициялар салу жаңа жұмыс орындарын ашады және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді. Қазақстандық және халықаралық авиакомпаниялар үшін сервис сапасын көтеру ҚМГ-Аэро-ны авиаотынмен қамтамасыз етуде сенімді операторы ретіндегі рөлін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>