Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ-Аэро Алматы әуежайына жаңа халықаралық авиакомпанияларды тартуда

30.01.2026

 «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бірқатар шетелдік авиакомпаниямен Алматы халықаралық әуежайында ұшақтарды авиаотынмен қамтамасыз ету бойынша келісімшарттарға қол қойды. Ынтымақтастықты кеңейтуге авиаотын бағасының төмендеуі, еліміздің басты авиациялық хабындағы қызмет көрсету жағдайларының бәсекеге қабілетінің артуы мүмкіндік берді.

Жаңа келісімдер халықаралық әуе тасымалдаушыларының Алматы әуежайына деген қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар әуежайдың Азия, ТМД мен Еуропа елдері арасындағы жолаушылар және жүк тасымалдаушы әуе компаниялары үшін өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуда.

ҚМГ-Аэроның жаңа серіктестері қатарында SpaceBee Airlines, AZAL Azerbaijan Airlines, My Freighter Airlines және Easy Charter бар.

SpaceBee Airlines — Өзбекстанның жүк тасымалдауға маманданған жаңа халықаралық әуе компаниясы.

AZAL Azerbaijan Airlines — Әзербайжанның ұлттық әуе тасымалдаушысы.

My Freighter Airlines — Ташкент қаласында орналасқан өзбек жүк әуе компаниясы. Ол Еуропа, Азия және Таяу Шығыс бойынша халықаралық жүк тасымалдау нарығында жұмыс істейді.  

Easy Charter — Тбилиси қаласында (Грузия) орналасқан чартерлік жүк әуе компаниясы. Ұйым халықаралық чартерлік әуе тасымалымен айналысады және Еуропа, Азия, Таяу Шығыс пен ТМД елдеріндегі клиенттерге жүк рейстерін ұйымдастыру қызметін көрсетеді.

Халықаралық авиакомпанияларды тарту жөніндегі жұмыс Мемлекет басшысының еліміздің транзит әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүргізіліп жатыр. Елде халықаралық әуе трафигін нығайту және отынмен қамтамасыз ету бойынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған әуежайлар мен авиаотын жеткізетін компаниялар арасындағы серіктестік өз нәтижесін бере бастады және Қазақстанның авиация нарығын одан әрі дамытуға ықпал етуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>