Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы Түркістан облысында авиациялық отынды сақтау базасын салады

15.09.2026

Түркістан облысының Сауран ауданында авиациялық отын және жанар-жағармай материалдарын сақтау базасының құрылысы бойынша инвестициялық жоба іске асырылады.

Жоба Мемлекет басшысының елдің көлік және отын инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында қолға алынды.

ҚазМұнайГаз-Аэро жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың қазіргі жай-күйі мен оны іске асырудың алдағы жоспарларын таныстырды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жобаның өңір инфрақұрылымын дамытудағы маңызын атап өтті.

Жоба Сауран ауданының Ораңғай ауылдық округінде JET A-1 және ТС-1/РТ маркалы авиациялық отынды, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарын сақтау базасын салуды көздейді.

Қоймалардың жалпы сақтау қуаты 8 мың текше метрге дейін жетеді. Жобаға салынатын инвестицияның болжамды көлемі — 10 млрд теңге. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 50 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен ауданы 10,93 гектар жер учаскесін бөлу келісілді. Қазіргі уақытта жерге орналастыруға қатысты құжаттар әзірленіп жатыр.

Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың I тоқсанында бастау жоспарланған.

Жобаны іске асыру Түркістан облысының отын инфрақұрылымын нығайтуға, авиация нарығын отынмен қамтамасыз етудің тұрақтылығын арттыруға және өңірді одан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>