Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді

17.07.2026

ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын авиакомпаниясымен Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына» отын құю қызметтерін көрсетуге шарт жасасты.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Қазақстанның Еуразиядағы ірі авиациялық хаб ретіндегі рөлін күшейту және еліміздің көлік логистикалық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүргізілуде.

ҚМГ-Аэро қабылдаған міндеттері бойынша еуропалық серіктестің рейстеріне халықаралық сапа талаптарына сай қызмет көрсетуге кепілдік береді. Азия мен Еуропа арасындағы әуе жолдарының тиімді торабында орналасқан Алматы әуежайы транзиттік техникалық алаң мен жүк тасымалдауға ыңғайлы маңызды хабқа айналып келеді.

Мұндай ірі әуе тасымалдаушы компаниямен серіктестік орнату отандық авиациялық жанармай құю инфрақұрылымына деген жоғары халықаралық сенімді көрсетеді. 1999 жылы құрылып, бұрын TNT Airways атауымен белгілі болған бельгиялық тасымалдаушы қазіргі уақытта беделді ASL Aviation Holdings халықаралық тобының құрамына кіреді. Компания тар фюзеляжды Boeing 737 ұшақтарынан бастап, өте ауыр жүк тасымалдай алатын кең фюзеляжды Boeing 747-400ERF лайнерлеріне дейінгі заманауи ұшақтардан құралған әуе паркін басқарады.

Тасымалдаушы әуе компаниясы Қытай, АҚШ және Еуропадағы негізгі бағыттарды қоса алғанда, дүниежүзі бойынша тұрақты рейстерді орындай отырып, Бельгияның Льеж қаласындағы базалық хабты да басқарады және FedEx TNT экспресс-операторының логистикалық тізбектерін үйлестіреді.

ҚР Үкіметінің қолдауымен жетекші халықаралық жүк тасымалдаушыларымен ынтымақтастықты кеңейту — ҚМГ жұмысының жүйелі бағыты. Компания авиаотынмен қамтамасыз етудің халықаралық нарығына қатысу аясын біртіндеп ұлғайтып, ынтымақтастық географиясын кеңейтуде. Сондай-ақ Қазақстанның әуежайларында жоғары сервистік қызмет көрсетіп, авиациялық отын жеткізудің сенімділігіне кепілдік береді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>