Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен AD Ports Group Қазақстанда кеме жөндеу мен кеме жасау кәсіпорнын ашу бойынша Қағидаттар туралы келісімге қол қойды

02.12.2023

2 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және AD Ports Group Қағидаттар туралы келісім қабылдады. Тараптар Қазақстан Республикасында кеме жөндеу мен кеме жасау кәсіпорнын ашу мүмкіндіктерін қарастыратын болады.

ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен AD Ports Group Басқарма төрағасы Мұхаммед Жұма Әл-Шамиси Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен екіжақты құжатқа қол қойды.

Келісім өзара ынтымақтастықтың басты талаптарын айқындайды. Атап айтқанда, тараптар Қазақстанда Каспий теңізінің жағасында кеме жөндеу мен кеме жасау кәсіпорнын ашу мүмкіндігін зерттеу үшін бірлескен жұмыс тобын құрады.

«Қол қойылған Келісім екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенімдімін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Қазақстан аумағында кеме жасайтын зауыт ашу мәселесін қарастырып жатырмыз. ҚазМұнайГаз AD Ports Group компаниясының мол тәжірибесін кеме жөндеу бағытында да пайдалануды жоспарлап отыр», — деді ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

Қазақстанның өзінде кеме жөндеу және кеме жасау кәсіпорнының болуы теңіз көліктеріне кешенді қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, соның ішінде жаңа кеме жасап шығарып, қолданыстағы кемелерді сапалы жөндеуге жол ашады. Сонымен қатар бұл өңірдің дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға және теңіз саласындағы технологиялық мүмкіндіктерді арттыруға ықпал ететін болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>