Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен AD Ports Group қазақстандық мамандарды жұмысқа орналастыру жөнінде келісім қабылдады

19.10.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында AD Ports Group (ADP) Басқарма Төрағасы Мұхамед Джума әл-Шамисимен келіссөз жүргізді.

Тараптар Caspian Integrated Maritime Solutions (CIMS) бірлескен кәсіпорынның қазіргі қызметін және алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Бұдан бөлек, ҚМГ мен ADP қазақстандық мамандарды жұмысқа орналастыруға қатысты Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Тараптар қол жеткізген келісімдерге сай қазақстандық мамандар бес жыл бойы ADP компанияларына түрлі жұмысқа орналастырылады.

ҚМГ конкурстық іріктеуді, ағылшын тілінен қосымша оқуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ құжаттарды ресімдеуде және іріктеуден өткен үміткерлерді ADP кәсіпорындарына жіберуде қолдау көрсетеді.

Іріктеу әр мамандықтың кәсіби ерекшелігіне қарай, Маңғыстау облысының тұрғындары арасында өтіп жатыр.

Айта кетсек, аталған келісім биыл қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ-ге сапары барысында ҚМГ мен ADP арасында қабылданған Стратегиялық серіктестік туралы келісімнің ауқымын кеңейте түседі.

Анықтама:

AD Ports Company — Біріккен Араб Әмірліктерінің порт, өнеркәсіптік және логистикалық операторы, өз портфелінде Абу-Дабидің әртараптандырылған экономикасының негізгі секторларын қамтитын ірі кәсіпорындар бар аймақтағы ең ірі холдинг компаниялардың бірі. ADP порттарды, өнеркәсіптік қалаларды және еркін аймақты, теңіз, логистика және цифрлы технологияларды қамтитын бірнеше кластерді басқарады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>