Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ және Abu Dhabi Ports Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі келісімге қол қойды

17.01.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Abu Dhabi Ports Company Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі келісімге қол қойды. Тараптар Каспий және Қара теңізде жағалау инфрақұрылымын және теңіз флотын дамыту саласында ынтымақтастық орнатуды көздейді.

Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) сапары кезінде қол қойылды.

Құжатқа сәйкес тараптар Каспий теңізіндегі мұнай-газ жобаларына теңіз қызметтерін көрсету үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында бірлескен кәсіпорын ашады. Бірлескен кәсіпорынды «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС және International Maritime Investments Ltd еншілес ұйымдары арқылы басқаруға ниетті.

Келісім бойынша тараптар Каспий теңізіндегі оффшор жобаларына қолдау көрсететін флот (суға таяз шөгетін кеме түрлері), сондай-ақ қазақстандық мұнай экспортының баламалы бағыттарын (Ақтау порты арқылы Әзербайжан бағытына қарай) ескере отырып, танкерлік флот құратын болады.

Бұдан бөлек, бірлескен кәсіпорын қатысушылары сауда флотын ашу мүмкіндіктерін зерттейді: контейнерлік паромдарды (Транскаспий бағыты бойынша Еуропаға Қытай арқылы транзит) және «Солтүстік-Оңтүстік» (РФ-Иран) бағыты бойынша оралған тауарды тасымалдау үшін құрғақ жүктерге арналған кемелерді салу/сатып алу.

«Қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы келісім компаниялар арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға елеулі үлес қосады. Осы келісім аясында бірлескен кәсіпорын құрылады. Ол биылдан бастап Қазақстанның инвестициялық жобаларына тартылатын болады. Біз Abu Dhabi Ports тәжірибесін Қазақстанның теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеру және көлік-логистикалық жобаларын іске асыру барысында тиімді пайдаланамыз деп ойлаймыз», - деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Анықтама:

Abu Dhabi Ports Company (ADP) – Біріккен Араб Әмірліктерінің порт, өнеркәсіптік және логистикалық операторы, өз портфелінде Абу-Дабидің әртараптандырылған экономикасының негізгі секторларын қамтитын ірі кәсіпорындар бар аймақтағы ең ірі холдинг компаниялардың бірі. ADP порттарды, өнеркәсіптік қалалар мен еркін аймақты, теңіз ісін, логистика мен цифрлық технологияларды қамтитын бірнеше кластерді басқарады.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100% еншілес ұйымы, ұлттық теңіз тасымалдаушысы. Компания Қазақстан Республикасындағы ең ірі және заманауи флотына иелік етеді. Компания флотында танкерлік, сүйретпе кемелер, сондай-ақ ірі габаритті жүктер мен түрлі мақсаттағы баржаларды тасымалдайтын кемелер бар. Мұнайды теңізде тасымалдаудың негізгі бағыттары: Каспий теңізі акваториясындағы бағыттар және Қара, Жерорта теңіздері акваториясындағы бағыттар.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>