Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды

25.06.2026

ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines авиакомпаниясының әуе кемесіне Jet A-1 маркалы отынды алғаш рет құю жұмыстарын жүргізді.

Бұл іс-шара Қазақстанның авиациялық отын нарығын әртараптандыру және отандық авиация инфрақұрылымның мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы маңызды қадам болды. Бұған дейін ҚМГ-Аэро арқылы халықаралық маршруттарды пайдаланып, Petrochina және қазақстандық логистикалық компаниямен серіктесе отырып Душаньцзы мұнай өңдеу зауытынан (ҚХР) Jet A-1 маркалы авиаотынын жеткізу ұйымдастырылған болатын.

Транзит көлемінің артуына байланысты авиакеросин бағыттарын әртараптандыру:
- авиаотынмен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын арттырады
- халықаралық тасымалдаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады
- логистикалық тізбектерді ыңғайлы етеді
- еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады.

Жобаны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Мемлекет басшысының көлік-логистикалық кешенін дамыту және отандық авиация саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында ҚР Үкіметінің қолдауымен іске асыруда.

ҚМГ-Аэро авиаотынды жеткізу аумағын кеңейту, қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарын енгізу және Қазақстан әуежайларында авиаотынмен қамтамасыз етудің заманауи жүйесін дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғыстырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>