Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ-нің еншілес ұйымдарының өкілдері комплаенс мәселелерін талқылады

13.10.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Комплаенс қызметі Ақтау қаласында «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС (ККО) және «Қазақтеңізкөлікфлоты «ҰТКҚК» (ҚТКФ) қызметкерлері үшін семинарлар өткізді. Бұл компанияның орталық аппараты мен еншілес ұйымдары мамандарын тұрақты дамыту іс-шаралары аясында ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру және корпоративтік басқарудағы комплаенс функциялары мен рөлі туралы ақпарат алу мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ компанияда комплаенс жүйесін құру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мәселелерін қарастыру.

ҚМГ Комплаенс қызметінің басшысы Гүлмира Молдағалиеваның айтуынша, ҚазМұнайГаз тобында комплаенс мәдениетін қалыптастыру – бұл тұрақты жүргізіліп келе жатқан кешенді процесс. Оның пікірінше әрбір жұмысшының білім алуға және ашық диалогқа қатысуға белсенділігі ашық әрі жауапты корпоративтік ортаны құруға жол ашады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>