Қазақстан — Қытай жобасының маңызды межесі
10.03.2026
Пайдалануға берілген сәттен бастап «Атасу — Алашаңқай» мұнай құбыры арқылы 200 млн тонна, «Кеңқияқ — Құмкөл» мұнай құбыры арқылы 100 млн тонна және «Кеңқияқ — Атырау» құбыры арқылы 100 млн тонна мұнай тасымалданды.
Жоғары өндірістік көрсеткіштерге жету — «ҚазТрансОйл» АҚ құбыр желілерінің тұрақтылығы мен тиімді жұмысының айқын дәлелі.
Мұнай құбырларының сенімді жұмысы техникалық тұрғыдан дұрыс пайдалану, заманауи басқару жүйелерін қолдану, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне тұрақты назар аудару арқылы қамтамасыз етіледі.
Ұлытау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстарында, сондай-ақ шекаралас өңірлерде 1000-нан аса маман магистралды мұнай құбырларын қауіпсіз әрі үздіксіз пайдалану жолында қажырлы еңбек етіп келеді.
Осындай ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру — өңірлерді дамытуға, жергілікті бюджеттерге салық түсімдерін қалыптастыруға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту есебінен өңірлердің халқы үшін қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасауға ықпал етеді.
«Атасу — Алашаңқай» мұнай құбыры 2006 жылы Қазақстан — Қытай стратегиялық құбыр жобасын іске асырудың бірінші кезеңі аясында пайдалануға берілді. Мұнай құбыры Ұлытау, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстарының аумағы, сондай-ақ ҚХР аумағы арқылы өтеді. «Кеңқияқ — Құмкөл» мұнай құбыры 2009 жылы пайдалануға беріліп, еліміздің батыс және шығыс өңірлеріндегі мұнай құбырлары жүйесін өзара байланыстыруға мүмкіндік берді. Мұнай құбырының бағыты Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстары арқылы өтеді. Осылайша Батыс-Қазақстан мұнайы отандық Шымкент пен Павлодар мұнай өңдеу зауыттарына тасымалданатын болды. Сонымен қатар Қазақстан Қытайға жаңа мұнай тасымалы дәлізін қалыптастырып, мұнай экспорты мен транзит мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. «Кеңқияқ — Атырау» мұнай құбыры Ақтөбе және Атырау облыстары арқылы өтеді және мұнай тасымалын «аверс» және «реверс» режимдерінде жүзеге асырады. Ол мұнай тасымалын «Өзен — Атырау — Самара» және «Каспий құбыры консорциумы» мұнай құбырлары бағытына қарай қамтамасыз етеді, сондай-ақ Батыс-Қазақстан мұнайын ПМХЗ мен ПҚОП бағытына және экспортқа жеткізеді.