Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

KIOSH 2026: ҚМГ жасанды интеллект негізінде әзірленген өндірістік қауіпсіздікті бақылау жүйесін таныстырды

30.04.2026

Астанада 28-30 сәуір аралығында 14-ші Қазақстандық халықаралық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме (KIOSH 2026) өтуде. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және өндірістік жарақаттануды азайтуға бағытталған заманауи цифрлық шешімдерін ұсынды. 

ҚМГ-ның өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры Әнуарбек Кәрімов атап өткендей, ұлттық компания өзінің кәсіпорындарында ЖИ негізінде жаңа цифрлық технологиялар мен цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізіп келеді. Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында өнеркәсіпте жасанды интеллектіні кеңінен қолдану ерекше маңызға ие. 

Атап айтқанда, халықаралық көрме алаңында ҚМГ мамандары ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу кезінде қауіпті технологиялық операцияларды жүргізуде оқыс оқиғалар мен жазатайым жағдайлардың алдын алуға арналған TUMAR интеллектуалды жүйесінің жұмысын көрсетті. Ол онлайн режимде жұмысшылардың тәртіп бұзушылықтарын, қауіпті әрекеттерін автоматты түрде анықтап, қауіп төнген жағдайда дыбыстық сигнал береді. ЖИ-ді бейімдеу үшін барлығы 15 мыңға жуық бейнесурет өңделіп, 183 мыңнан астам нысан белгіленді. Ол машиналық оқыту және компьютерлік көру технологияларына негізделген үш қызметтен тұрады. 

Бүгінгі таңда TUMAR Маңғыстау облысындағы Жетібай және Қаламқас кен орындарында сәтті енгізілді. ҚМГ-ның жеке жобасы тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде оны басқа еншілес кәсіпорындарға тарату жұмыстары жалғасуда. Жалпы, қауіпсіз өндірістік процесті қамтамасыз ету ҚМГ үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>