Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

KIOGE-2026: ҚМГ өндіру деңгейін ұстап тұру мен ресурстық базаны дамыту жөніндегі стратегиясын таныстырды

30.09.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев Алматы қаласында өтіп жатқан KIOGE-2026 конференциясына қатысты.

Қ.Есқазиев форумның пленарлық отырысында атап өткендей ҚМГ бүгінде жұмыс істеп тұрған кен орындарда өндіру көлемінің тұрақты деңгейін ұстап тұруға және елдің ресурстық базасын үнемі толықтыруға басымдық беріп отыр. Ұлттық компания қазіргі таңда мұнай өндіру көлемінің 90% қамтамасыз ететін 12 кен орнында бойынша мұнай алу коэффициентін ұлғайту стратегиясын қабылдады. Жүргізілген есептеулерге сәйкес кен орындардың пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін қазіргі жобалық көрсеткіштермен салыстырғанда қосымша 155 млн тоннаға дейін мұнай өндірілуі ықтимал.

Бұл ретте негізгі құралдардың бірі – модельдеу дәлдігін және мұнай өндіруді басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық телнұсқаларды енгізу.

Атап айтқанда, цифрлық телнұсқа жобасы Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Шығыс Молдабек кен орнында енгізіліп жатыр. Жоба қорытындысы бойынша үш жыл ішінде шамамен 168 мың тонна қосымша мұнай өндіру, мұнай алу коэффициентін арттыру және жөндеуаралық кезеңді 750 тәулікке дейін ұзарту күтілуде.

Сонымен қатар ҚазМұнайГаз ұзақмерзімді перспективада тұрақты мұнай өндіруді қамтамасыз ету үшін жалпы геологиялық ресурстық базасы шамамен 4,7 млрд тонна мұнай эквивалентіне (м.э.) тең 23 жобаны қамтитын ауқымды геологиялық барлау бағдарламасын іске асыруда. Геологиялық барлау жұмыстары негізінен тереңде жатқан қабаттар мен аз зерттелген аумақтарға бағытталған. Оларды игеру айтарлықтай ресурсты қажет етеді. ҚазМұнайГаз ұлттық компания ретінде едәуір қомақты шығындарды, геологиялық және технологиялық тәуекелдерді ескере отырып, бұл бағыттағы негізгі міндетті өз мойнына алып отыр.

Осындай күрделі жобаларды іске асыру кезінде ҚМГ өзінің құзыреті мен мүмкіндіктерін әлемдегі жетекші компаниялардың технологияларымен, тәжірибесімен және инвестициялық мүмкіндіктерімен ұштастырып отыр. Қазіргі уақытта Қытайдың Sinopec компаниясымен (Батыс Қазақстан облысындағы Березовский учаскесі), CNOOC компаниясымен (Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің транзиттік аймағындағы Жылыой учаскесі) және Хорватияның CHA компаниясымен (Ақтөбе облысындағы Шығыс учаскесі) келісімшарттар жасалды. Айта кететін жайт, соңғы екі компания Қазақстанға алғаш рет инвестиция құйып отыр. Бұдан бөлек, энергетика саласындағы әлемдегі ірі компаниялардың бірі – BP «Үстірт-1/2» жобасын іске асыру аясында елімізге қайта келді.

Каспий маңы бассейнінің тұзасты кешенін өңірлік деңгейде зерттеу жұмыстарының жоспарланып отырғаны да ерекше маңызға ие. Оның әлеуеті 60 млрд тонна м.э дейін бағаланады. Шамамен 60 мың бойлық шақырым сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу көзделген. Зерттеу жұмыстарына қатысуға Shell, Chevron, CNOOC және Sinopec компаниялары қызығушылық танытып отыр. Қазіргі уақытта ҚМГ консорциум құру жөнінде келіссөздер жүргізуде.

– Осылайша, жұмыс істеп тұрған кен орындарда мұнай өндіру көлемінің тұрақты деңгейін ұстап тұру және ресурстық базаны толықтыру сияқты екі міндет қатар шешілуде, – деп қорытындылады Қ.Есқазиев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>