Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қиғаш өзеніне 52 000 аса бекіре тұқымдас балық шабағы жіберілді

02.08.2025

«Магистралды су құбыры» ЖШС («ҚазТрансОйл» АҚ-ның еншілес ұйымы) Каспий теңізі мен оның жағалауындағы биологиялық әралуандылықты сақтау мақсатында Қиғаш өзеніне қортпа, пілмай,  бекіре, қара шабақ және шоқыр сынды бекіре тұқымдас 52 160 балық шабағын жіберді. 

Жіберілген шабақтың жалпы салмағы 1 565 килограмнан асты. Әр шабақтың орташа салмағы — шамамен 30 грамм. Олар табиғи ортада тіршілік етуге бейімделген, өсіп-жетілген. Мұндай шабақтардың табиғи жағдайда өмір сүру мүмкіндігі жоғары саналады.

Қиғаш өзені — Атырау және Маңғыстау облыстарының бірқатар аудандары үшін негізгі тұщы су көзі. Оның суы «Астрахань — Маңғышлақ» магистралды су құбыры арқылы жеткізіліп, өңірдің ауыз су, ауыл шаруашылығы және мұнай өндіру салаларын қамтамасыз етеді. 

Балықтандыру өзеннің биологиялық әралуандығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Ол бірнеше кезеңнен тұратын күрделі процесс: уылдырық алу мен инкубациялаудан бастап, дені сау шабақтарды өсіріп, оларды табиғи ортаға жіберуге дейінгі жұмыстарды қамтиды. 

«ҚазТрансОйл» АҚ Қиғаш өзенін балықпен толықтыру жұмыстарын былтырдан бері іске асырып келеді. Бұл іс-шараларды «Магистралды су құбыры» ЖШС қаржыландырады. 2024 жылы өзенге 23 600-ден астам бекіре шабағы жіберілген болатын. Осы бағыттағы жұмыс 2026 жылы да жалғасын табады. 

Бұл бастама «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының экологиялық жауапкершілік пен тұрақты даму қағидаттарын ұстанатынын айқын көрсетеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>