Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен Хорватияның көмірсутек мәселелері жөніндегі агенттігі ынтымақтастықты нығайтуда

26.08.2025

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Хорватияның көмірсутек мәселелері жөніндегі агенттігінің (CHA, Croatian Hydrocarbon Agency) басқарма кеңесінің президенті Мариян Крпанмен кездесті.

Компаниялар арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту, соның ішінде геологиялық барлау жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Бұдан бұрын ҚМГ CHA-ға перспективті геологиялық барлау жобаларын ұсынды. Учаскелердің геологиялық мүмкіндіктеріне талдау жүргізу үшін бірлескен жұмыс тобы құрылған болатын. Ақпарат алмасу бойынша да келісім жасалды.

 Алдын ала бағалау қорытындысына сәйкес Хорватия агенттігі Ақтөбе облысындағы «Шығыс» жобасына, соның ішінде 2D тарихи сейсмикалық деректерді өңдеуге қатысты қызығушылық білдірді.

Кездесу барысында Асхат Хасенов ҚМГ хорватиялық серіктестермен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін жеткізді. Ол геологиялық барлау саласындағы тұрақты әрі өзара тиімді әріптестік Қазақстан мен Хорватия арасындағы экономикалық байланыстың дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>