Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мұнай-газ саласындағы ЖИ: алғаш рет өткізілген KMG DIGITAL IT-хакатон жеңімпаздары анықталды

03.04.2026

Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында Astana Hub-та KMG DIGITAL технологиялық хакатоны өз мәресіне жетті. «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) ұйымдастырған іс-шара мұнай-газ секторын цифрландыруға бағытталған тың шешімдер ұсынуға дайын жас мамандардың басын қосты.

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун өзінің құттықтау сөзінде жасанды интеллектіні экономиканың негізгі салаларына енгізу мемлекеттік деңгейдегі маңызды басымдық екендігін айтты.

— Мұндай бастамалар дарынды инженерлер мен ірі тапсырыс берушілер арасында тиімді байланыс орнатып, елдің технологиялық тәуелсіздігін нығайтуды жеделдетеді, — деді ол.

ҚМГ-Құмкөл үздіктерді таңдаған кезде ұсынылған алгоритмдердің қолданылу тиімділігіне басымдық берді.

— Біз теориядан практикаға көшудеміз. Басты міндетіміз — тек тиімді тұжырымдамаларды ұсыну емес, оларды нақты өндірістік нысандарда қолдануға мүмкіндік беретін алгоритмдерді табу. KMG DIGITAL қатысушыларының жоғары сараптамалық деңгейі қазақстандық IT-қоғамдастықтың заманауи индустриялық сын-қатерлерді тиімді шешуге дайын екенін көрсетеді, — деп атап өтті «ҚМГ-Құмкөл» бас директоры Айбол Бижанов.

Жоба 4 наурызда басталды. Келіп түскен 60 өтінім ішінен 25-і іріктелді. Байқаудың соңғы күні қатысушылар өз жобаларын таныстырды. Байқаудың ерекшелігі — питчинг (Demo Day) кезеңінде қазылар алқасына цифрлық көмекші ретінде жасанды интеллектінің тартылуы болды. Алгоритмдер сарапшыларға ұсынылған шешімдердің технологиялық әлеуетін жедел бағалап, скоринг жүргізуге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде кәсіби қазылар алқасы – ҚазМұнайГаздың бейінді департаменттері өкілдері – жобалардың нақты қолданбалы құндылығына көбірек назар аударды.

Хакатон қорытындысы:

«HR-процестерге ЖИ енгізу» бағыты бойынша 7,45 балл жинаған Goalai Platform жобасының авторы Муслима Қосмағамбетова жеңімпаз атанды. Оның шешімі әр қызметкердің міндеттерін бүкіл компанияның стратегиясымен автоматты түрде байланыстыра отырып, мақсат қоюдың формалды талаптарынан арылуға мүмкіндік береді. Жоба GitHub сайтында жарияланған.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ЖИ енгізу» бағыты бойынша HSE AI Dashboard жобасымен Нұртілек Асанхан (7,93 балл) үздік деп танылды. Оның алгоритмдері өндірістегі тәуекелі жоғары аймақтарды алдын ала болжап, ықтимал оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. Жобамен сілтеме арқылы танысуға болады.

«Арнайы техниканы бағдарлаудың интеллектуалды жүйесі (АТБ ИЖ)» бағыты бойынша Елдос Самалов командасымен бірге ең жоғары балл жинап (7,97), жеңіске жетті. Оның әзірлеген жүйесі кен орындарындағы көлік қозғалысын оңтайландырып, далалық жолдардың нақты GPS-тректері негізінде қысқа маршруттарды есептеп шығарды. Бұл уақыт пен дизель отынын айтарлықтай үнемдейді. Жоба туралы толығырақ.

Айта кетейік, ҚМГ-ның салалық департамент мамандары байқауға қатысушылармен алдағы уақытта ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыру үшін ұсынылған цифрлық жобаларды өндіріске толық енгізу әлеуетін зерделеп жатыр. Сонымен қатар KMG DIGITAL хакатоны дәстүрлі өткізілетін болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ