Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Қазгермұнай» компаниясы Оңтүстік Ақсай газ конденсат кен орнын пайдалануға берді

10.05.2023

2023 жылы 10 мамырда Оңтүстік Ақсай газ конденсат кен орнында газ өндіру басталды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мемлекет басшысының төрағалығымен 2022 жылы қазанда өткен газ және энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша жобаны пысықтау кезеңіне белсенді түрде кірісті.

Жобаның арқасында Қызылорда өңірі тұрғындарының қажеттілігін өтеу үшін «Қазгермұнай» БК» ЖШС жылына қосымша 100 млн текше метрге дейін газ жеткізетін болады. Осылайша, кәсіпорыннан жеткізілетін газ көлемі жылына 200-ден 300 миллион текше метрге дейін артады.

 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сондай-ақ тауарлық газ өндірісін арттыру үшін бірқатар басқа да іс-шараны қолға алды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында компания 2023 жылдың соңына дейін Рожков кен орнынан газ жеткізуді бастауды көздейді.

Орта мерзімді жоспар бойынша, 2024-2025 жылдары Орталық Өріктау кен орнынан өнім жеткізу басталуы керек. Бұл жылына қосымша 1 млрд текше метр газды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, 2027-2030 жылдарға қарай Қаламқас және Батыс Прорва кен орындарынан 2,1 млрд текше метр тауарлық газ өндіріледі деп күтіледі. Мұның бәрі ҚМГ-ге 2030 жылға дейін ішкі нарықты қосымша 6 млрд текше метр газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат үшін:

«Қазгермұнай» БК» ЖШС – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ПККР» АҚ компанияларының бірлескен кәсіпорны.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>