«Қазгермұнай» Қызылорда облысында мұнай өндіру деңгейін ұлғайту үшін озық технологияларды енгізуде
25.02.2025
Қызылорда облысы — Қазақстанның негізгі мұнай өндіруші өңірлердің бірі. Алайда соңғы жылдары бұл аймақта өндіру көлемі төмендеп келеді. Осыған байланысты «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұңғымалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізіп жатыр.
Компания сүзгі ағындарын қайта бөлу және ұңғыманың қабылдағыш профилін теңестіру әдісін қолданады.
Бұл технология:
- Өнімділікті арттыруға;
- Кен орынды пайдалану мерзімін ұзартуға;
- Эксплуатациялық шығын мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.
2024 жылы Орталық Ақшабұлақ кен орнындағы ұңғымалардың бірінде қабылдағыш профилін теңестіру технологиясын пилоттық әдіспен енгізу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мұнай өндіру көлемі базалық деңгеймен салыстырғанда 36%-ға өсті.
Табысты тәжірибе технологияның тиімділігін дәлелдеді. Алдағы уақытта «Қазгермұнай» оны басқа ұңғымаларда қолданатын болады. Бұл — мұнай өндіруді ұлғайтуға және саланы тұрақты дамытуға бағытталған маңызды қадам.