Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Кендірлі аймағындағы теңіз суын тұщыту зауыты: құрылыстың соңғы кезеңі

22.03.2025

Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Кендірлі аймағындағы теңіз суын тұщыту зауытының құрылыс барысын тексерді.

Қазіргі уақытта негізгі құрылыс жұмыстары толық орындалды, соның ішінде автожолдар, магистральды су құбыры, сорғы станциялары, электр беру желілері, қосалқы станциялар және ішкі инженерлік тораптар салынды. Кәсіпорын аумағын абаттандыру және технологиялық жабдықты монтаждау жұмыстары аяқталып қалды.

Қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын жаңа зауыт Жаңаөзен тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, «Астрахань — Маңғышлақ» магистральды су құбырына жүктемені азайтып, өңірде өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндік береді.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Зауыт 2025 жылдың мамыр айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>