Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Кендірлі кентінде «Теңіз суын тұщыту зауытын салу» жобасы бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

25.08.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны «Ak Su KMG» ЖШС Маңғыстау облысы, Тоқымақ жері, «Кендірлі» демалыс аймағында орналасқан өнімділігі тәулігіне 50 000 м³ құрайтын «Теңіз суын тұщыту зауытын салу» жобасы (бұдан әрі – «Жоба») бойынша ЕРС-мердігерді таңдау туралы халықаралық конкурстың 1-кезеңін (квалификацияға дейінгі іріктеу) өткізетінін хабарлайды.

Жобаның негізгі мақсаттары:

- Жаңаөзен қаласының тұрғындары мен кәсіпорындарын сумен жабдықтау мәселелерін шешу;

- Астрахань-Маңғышлақ магистралды су құбырына жұмсалатын қаржыны азайтып, техникалық тұрғыдан жеңілдету;

- Маңғыстау облысындағы су тапшылығын азайту, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету саласының мәселелерін жеңілдету;

- Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес аудандар халқының өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру.

Құрылыс мерзімі: 2023 жылдың 2 тоқсаны – 2024 жылдың желтоқсан айының соңы.

Квалификацияға дейінгі іріктеуге қуаты сәйкес келетін теңіз суының кері осмос технологиясын жобалау мен енгізуде табысты тәжірибесі расталған компаниялар қатысады деп күтілуде.

Квалификацияға дейінгі іріктеу басталатын уақыт: 25.08.2022 ж..

Квалификацияға дейінгі іріктеуге өтінім қабылдаудың аяқталатын күні: 10.10.2022 ж., сағат 17.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).

Халықаралық конкурстың 1-кезеңін өткізу шарттары туралы толық ақпаратты «Ak Su KMG» ЖШС https://aksukmg.kz веб-сайтынан оқи аласыз.

Конкурсқа қатысуға құқы бар мүдделі қатысушылар квалификацияға дейінгі іріктеу үшін құжаттаманы 2022 жылдың 25 тамызынан бастап «Sharepoint» платформасында (бұдан әрі – Платформа) ала алады:

L.Umarov@kmg.kz

Ibrahim.Akin@ilf.com

Қатысушы өтініште төмендегі ақпаратты көрсетуі тиіс:

Жоба: «Кендірлі кентінде теңіз суын тұщыту зауыты»;

Компанияның атауы;

Өкілдің аты-жөні және лауазымы;

Электрондық пошта мекенжайы;

Ұялы телефон нөмірі;

Компанияның телефон нөмірі.

Конкурсқа қатысты кез келген мәселе бойынша мына электрондық пошта мекенжайына хабарласыңыз: L.Umarov@kmg.kz.

Анықтама:

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасын уақытылы орындау, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы халқының ауыз суға сұранысын өтеу және ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Атырау және Маңғыстау облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарларын орындау аясында жүзеге асырылуда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>