Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз, KBR және KazFoodProducts SAF өндірісі бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті

22.04.2026

Бүгін Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) алаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ), америкалық Kellogg Brown & Root LLC (KBR) корпорациясы және «KazFoodProducts» ЖШС (KFP) үш жақты терм-шитқа қол қойылды. Құжат Қазақстанда тұрақты авиациялық отын (Sustainable Aviation Fuel — SAF) өндіретін зауыттың құрылыс жобасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі параметрлерін айқындайды.

Келісімге ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов, KBR компаниясының аға вице-президенті Ахмад Аман және KFP бас директорының даму мәселелері жөніндегі орынбасары Жандос Есенбай қол қойды. Сондай-ақ ҚазМұнайГаз және KazFoodProducts жобаға бірлесіп үлес қосу және жауапкершілікті бөлу талаптарын ашып көрсететін екіжақты уағдаластықты белгіледі.

Терм-шитқа қол қою жобалық құжаттаманы әзірлеу кезеңіне өткенін білдіреді. Технологиялық жобалау пакетін (PDP — Process Design Package) дайындау 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін аяқталады. Бұл Alcohol-to-Jet процесін қамтитын PureSAFSM технологиясын отандық шикізатқа бейімдеу және болашақ өндірістің нақты техникалық сипаттамаларын анықтау үшін қажет. PDP нәтижелері негізінде зауыт құрылысын бастау туралы түпкілікті инвестициялық шешім қабылданатын болады.

KBR компаниясы жобаға технология лицензиары әрі инжинирингтік мердігер ретінде қатысады. Бастама авиация саласын терең декарбонизациялау және Қазақстанның парникті газды қысқарту жөніндегі міндеттемелерін орындауға бағытталған.

Аталған жоба қазақстандық ауыл шаруашылығы шикізатынан төмен көміртекті отын өндіруге жол ашады. KBR сияқты әлемдік технологиялық көшбасшының тәжірибесі мен KFP агроөнеркәсіптік холдингінің ресурстары елімізде SAF өндірісін табысты іске қосуға мүмкіндік беретініне сенімдімін, — деді Ә.Мағауов.

Анықтама:

Kellogg Brown & Root LLC (KBR) — штаб-пәтері Хьюстонда (АҚШ) орналасқан, 80-нен астам елде энергетика және тұрақты технологиялар шешімдерін ұсынатын халықаралық инженерлік-технологиялық компания.

«KazFoodProducts» ЖШС — Қазақстандық ірі агроөнеркәсіптік холдинг. Оның құрамына астықты терең өңдеуге және биоэтанол өндіруге маманданған BioOperations зауыты кіреді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>