Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қаражанбастағы ілеспе қабат суын тұщыту зауыты толық қуатына шықты

17.08.2024

Қаражанбас кен орнындағы ілеспе қабат суын тұщыту зауыты жобалық қуаттына – тәулігіне 17 мың текше метрге шықты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қаражанбас кен орнында іссапармен болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Мұнаймен бірге өндірілген қабат суы тұщытылғаннан кейін кен орнында бу өндіру үшін техникалық мақсатта пайдаланылатын болады. Сынақ режимінде іске қосылғаннан бастап бүгінгі күнге дейін зауытта 6,4 миллион текше метрден астам су тұщытылды.

Жобаның әлеуметтік маңызы зор. Зауыт іске қосылғанға дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ тәулігіне орта есеппен 21 мың текше метр Еділ суын тұтынса, қазір бұл көрсеткіш 5 мың текше метрге дейін төмендеді.

Бұл өз кезегінде Астрахань-Маңғышлақ магистральды су құбыры арқылы келетін судың едәуір көлемін өңір халқының қажеттіліктеріне бағыттауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, мұнай кен орнындағы ілеспе қабат суын тазарту қоршаған ортаға да оң әсер етеді. Қазіргі уақытта бұл – Қазақстандағы мұнай кен орындарындағы осыған ұқсас ең ірі жоба.

Анықтама үшін:

Қабат (жерасты) суын тазарту тұндырғыштар мен флотация блогы арқылы жүзеге асырылады, содан кейін тазарту орташа және жұқа тазарту сүзгілерінің, ультрафильтрация блогының, содан кейін кері осмос блогы арқылы өтеді. Нысан 36 мың шаршы метр ауданда орналасқан, өнімнің қуаты – тәулігіне 17 мың текше метр (тазартылған бұл су көлемі тәулігіне 42,5 мың текше метр су қабат өңдеу кезінде алынады).

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>