Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қаражанбасмұнай көлік басқару тиімділігін цифрлық шешімдер арқылы арттыруда

22.09.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында операциялық тиімділікті жақсартуға бағытталған цифрлық жобаларды жүйелі іске асырып келеді.

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Қаражанбасмұнай» АҚ-да ҚМГ мен «KMG Digital» ЖШС бірлесіп әзірлеген «Сапарларды басқару» ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

Платформа көлікке берілетін өтінімдермен жұмыс істеудің толық циклін — өтінімді қалыптастыру мен келісуден бастап, көлік құралдары мен жүргізушілерді тағайындау, орындалуын бақылау мен өтінімді жабуға дейінгі барлық процесті қамтиды. Бірыңғай цифрлық процеске өндірістік бөлімшелер, диспетчерлік қызметтер және көлік ұйымдары біріктірілді.

Автоматтандыру нәтижесінде:

  • қайталанатын операциялар мен қағаз құжат айналымы қысқарады;
  • өтінімдерді өңдеу мен келісу үдерісі жеделдейді;
  • көлікті бөлудің ашықтығы артады;
  • өтінімдердің орындалуы жедел бақыланады.

Көлікті пайдалану қауіпсіздігін арттыру мақсатында жыл соңына дейін жасанды интеллект негізіндегі «Жылу картасын» іске қосу жоспарлануда. Бұл құрал жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері жиі тіркелетін жол учаскелерін анықтауға және қозғалыс қауіпсіздігін күшейту үшін алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін «Сапарларды басқару» жобасы «Ембімұнайгаз» АҚ, «Oil Services Company» ЖШС, «Oil Construction Company» ЖШС, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС және «Өзенмұнайгаз» АҚ-да енгізілген болатын.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>