Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен Siemens AG цифрландыру саласында ынтымақтастықты нығайтады

29.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Siemens AG компаниялары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына сапары аясында өзара түсіністік туралы меморандум қабылдады.

Құжатқа ҚМГ цифрлы даму департаментінің директоры Бауыржан Қасенов және «Siemens» ЖШС бас директоры Диас Асанов қол қойды.

Меморандум өндірістік процестерді автоматтандыру, цифрландыру, оңтайландыру, есепке алу және бақылау саласында ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Атап айтқанда, тараптар персоналды оқыту мен біліктілігін арттыру, технологиялық процестерді модельдеу үшін кәсіпорындардың цифрлы модельдері мен көшірмелерін жасау, деректерді жинау және өңдеу, ҚМГ өндірістік кәсіпорындарында озық әлемдік технологияларды енгізу секілді бағыттарда өзара байланыс орнатуға уағдаласты.

ҚМГ және Siemens компанияларының жоспардағы бірлескен пилотты жобасы Қызылорда облысындағы «Қазгермұнай» БК ЖШС қарасты Ақшабұлақ кен орнында неміс компаниясының COMOS жүйесін енгізумен байланысты. Бұл жүйе жабдықтар мен технологиялық процестер туралы ортақ дерекқор қалыптастыруға, сондай-ақ, өндірісте үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін техникалық қызмет көрсету және жөндеу процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Анықтама:

Siemens AG – неміс концерні. Электр техникасы, электроника, энергетикалық жабдық, көлік, медициналық жабдық және жарық техникасы, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және байланыс салаларында маманданған қызмет көрсету бойынша әлемдегі көшбасшы компаниялардың қатарына кіреді.

Siemens AG өкілдері 190-нан астам елде бар. Өндірістік алаңдары көбіне Еуропа Одағындағы елдер мен НАФТА аймағында орналасқан. Компанияның Қазақстандағы өкілі – «Siemens» ЖШС.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>