Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» және КҚК серіктестік перспективаларын талқылады

16.01.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) бас директоры Николай Горбаньмен кездесті.

Каспий Құбыр Консорциумының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері және оның даму перспективалары талқыланды.

Кездесу барысында Компанияның 2023 жылғы өндірістік қызметі қорытындыланып, 2024 жылға арналған жоспарлары айқындалды. Сонымен бірге 2023 жылы КҚК теңіз терминалында 63,5 млн тонна мұнай жөнелтілгендігі атап өтілді, бұл − Консорциум қызметінің бүкіл тарихындағы ең жоғары рекордтық көрсеткіш болып табылады. Бұл ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рет танкерлерге мұнай құюдың тоқтатылғандығына қарамастан іске асты.

«2023 жылы КҚК терминалының айлақ құрылғысында жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша қабылданған шаралар үшін серіктестерімізге алғысымды білдіргім келеді. Бұл құбыр жүйесінің өткізу қабілеттілігіне қойылған шектеулерді алып тастауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, біз 2026 жылы «КҚК-Р»-ға екі айлақ құрылғысын жеткізу бойынша бірлескен жұмыстар жүргіздік», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>