Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен Euler Hermes өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

28.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен немістің Euler Hermes экспорттық-кредиттік агенттігі 2023 жылы 26 қыркүйекте Гамбург қаласында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжаттың мақсаты – екі ел арасында өзара қарым-қатынасты нығайту және сауда мен инвестицияларды арттыру жұмысын жандандыру.

Euler Hermes меморандум аясында Қазақстандағы экспорттық мәмілелер кезінде, сондай-ақ Германияға шикізат өнімдерін импорттау мәмілелеріне сақтандыру ұсыну арқылы неміс компанияларын қолдауды көздейді. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ өндірістік және инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.

Бұдан басқа, тараптар энергетика және мұнай-химия өнеркәсібінде жоғары сапалы төмен көміртекті бастамаларды қолдауға және климат үшін қолайлы жобаларды әзірлеуге ниет білдірді.

ҚазМұнайГаз бен Euler Hermes арасындағы келіссөздер барысында аталған меморандум неміс компанияларымен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін беріп, отандық мұнай-газ және мұнай-газ-химия саласына жаңа инвестициялар мен технологияларды тартуға жол ашатыны атап өтілді.

Euler Hermes – әлемдегі сауда кредиттерін сақтандыру саласындағы көшбасшы және кепілгерлік, инкассациялық, құрылымды сауда кредиттері мен саяси тәуекелдер саласында белді агенттік. Allianz SE компаниясының еншілес ұйымы – Euler Hermes Standard & Poor’s рейтингінде АА бағасына ие.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>