«ҚазМұнайГаз-Аэро» ҚР Қорғаныс министрлігіне 500 мың тоннадан астам жанармай жеткізді
28.08.2025
Бүгін — елімізде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылының құрылған күні. ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС 2014 жылдан бері
ҚР Қорғаныс министрлігін 500 мың тоннадан астам мұнай өнімдерімен қамтамасыз етті. ҚР Үкіметінің шешімімен ҚМГ-Аэро Қарулы Күштер мен басқа да стратегиялық маңызды құрылымдарды жанармаймен қамтамасыз ететін Бірыңғай оператор ретінде бекітілген. Осы уақыт аралығында барлық мемлекеттік тапсырыс берушілерге жалпы көлемі 1 млн тонна мұнай өнімдері жеткізілді.
ҚМГ-Аэро жанармай жөнелтіп қана қоймай, шалғай орналасқан бөлімшелерге дейін күрделі логистиканы ұйымдастырады және арнайы жанармай түрлерін жыл бойы сақтайды.
Мұнай өнімдерін үздіксіз жеткізу жөніндегі Бірыңғай оператордың уақтылы жұмысы, жеделдігі және жауапкершілігі — бұл елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосып жатқан үлесінің айқын көрінісі.