Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақтеңізкөлікфлоты 2025 жылы Каспий арқылы контейнермен жүк тасымалдау көлемін 15% арттырды

14.01.2026

ҚМГ-ның еншілес компаниясы — Қазақтеңізкөлікфлоты былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Каспий теңізі арқылы контейнермен жүк тасымалдаудың тұрақты өсімін көрсетіп, Қазақстанның транзит‑көлік әлеуетін дамытуда өз позициясын нығайтты.

 Ақтау-Баку-Ақтау фидерлік желісі бойынша 2025 жылы жиырма футтық эквивалентте (ЖФЭ) 59,4 мың контейнер тасымалданды.

Тасымалдау көлемі 2024 жылмен салыстырғанда (51,4 мың ЖФЭ) 15% артық. Оң динамикаға Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша тасымалдауға сұраныстың артуы себеп болды.

Атқарылған жұмыстың нәтижесі «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының сенімді теңіз логистикасын қамтамасыз етудегі, экспорттық‑транзиттік бағыттарды әртараптандырудағы және Азия мен Еуропа арасындағы мультимодалды тасымалын дамытудағы басты рөлін айқындайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>