Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақ газ өңдеу зауыты Жаңаөзенде 50 жылдығын атап өтті

13.10.2023

Жаңаөзенде орналасқан Қазақстанның алғашқы газ өңдеу кәсіпорны – Қазақ газ өңдеу зауыты (ҚазГӨЗ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) 50 жылдық мерейтойын атап өтті.

Жартығасырлық межені кәсіпорын түрлі мерекелік іс-шарамен атап өтті. Оның ішінде қызметкерлер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, еңбек ардагерлері ұлықталды. 12 қазан күні Жаңаөзенде өткен салтанатты іс-шарада ҚазГӨЗ-дің үздік қызметкерлері марапатталды.

Мерекелік іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Жаңаөзен әкімі Айбек Қосуақов, ҚМГ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің директоры Еділ Өтеков, ҚМГ Ақтау қаласындағы өкілдігінің әлеуметтік және ақпараттық саясат және сүйемелдеу департаментінің директоры Аманғали Нұрдәулетов және басқа да қонақтар қатысты. Олар кәсіпорын ұжымын айтулы күнмен құттықтап, зауыттың одан әрі дамуына сенім білдірді.

1973 негізі қаланған Қазақ газ өңдеу зауыты мерейлі межені үлкен жетістіктермен қарсы алды. 50 жыл ішінде ҚазГӨЗ 74,2 млрд текше метр ілеспе мұнай мен табиғи газ, 2,3 млн тонна газ конденсатын өңдеді. Зауыт алғаш іске қосылған күннен бастап 68,2 млрд текше метр тауарлық құрғақ газ, 6,1 млн тонна сұйытылған мұнай газын, 3,8 млн тонна пентан-гексан фракциясын, 0,7 млн тонна тұрмыстық пеш отынын өндірді.

Газ өңдеу зауытында елу жылда жоғары білікті кәсіби мамандардың өнегелі мектебі қалыптасты. Қазіргі таңда ҚазГӨЗ-де 900-ден астам маман жұмыс істейді.

Зауыт Маңғыстау облысының өндірістік кешенінде үлкен маңызға ие. ҚазГӨЗ жергілікті халықты және өндіріс нысандарын сұйытылған, тауарлық құрғақ газ және тұрмыстық пеш отынымен қамтамасыз ете отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді.

Анықтама:

Маңғыстауда газ өңдеу зауытын салу туралы шешім 1971 жылдың наурыз айында «Өзен» мұнай кен орнын пайдалану кезінде алынатын ілеспе мұнай газын утилизациялау мақсатында қабылданған.

Зауыттың құрылысы 1972 жылы басталып, бірінші кезегі 1973 жылы, ал екінші кезегі 1976 жылы іске қосылған, бұл газ өңдеуді жылына 1,5 млрд текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

Жобада қарастырылған барлық технологиялық қондырғыларды монтажау және пайдалануға беру толығымен 1980 жылы аяқталды. Күкірттен тазарту қондырғысы және 95% этан фракциясын алу қондырғысы 1978-79 жылдары іске қосылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>