Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстан мен Конго мұнай-газ саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

02.08.2024

2 тамызда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы (ҚМГ) және Конго ұлттық мұнай компаниясы (SNPC) Астанада мұнай-газ саласында ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен SNPC бас директоры Майксент Оминга қол қойды. Бұл қадам қос тарап үшін мұнай-газ секторын дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Конго – Африканың мұнай-газ саласында маңызды рөл атқаратын үшінші ірі ел. SNPC Total Energies, Chevron, Eni секілді өзге де халықаралық компаниялармен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Келісім мұнай және газ кен орындарын игеру, мұнай саласын техникалық қолдау, сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді өңдеу объектілерін салу, шикі мұнайды жеткізу және мамандарды оқыту саласында ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған.

Тараптар жер қойнауын пайдалану, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясында жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, сондай-ақ геология және геофизика, бұрғылау технологиялары, оның ішінде көлденең ұңғымаларды бұрғылау саласында тәжірибе және білім алмасу мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді.

Ақпарат үшін:

SNPC (Societe nationale des petroles du Congo, Конго ұлттық мұнай компаниясы) 1998 жылы сәуірде құрылды. SNPC компаниялар тобы мұнай өндіру және өңдеу секторлары секілді мұнай өнеркәсібінің бүкіл тізбегінде алты белсенді еншілес компаниясы арқылы жұмысын жүргізеді. Компания Мохо-Билондо (15%), Нкосса (15%), М'Бунди (8,8%), Китина (35%), Сенджи (15%), Янга (15%), Джамбала (35%), Фуканда (35%), Мвафи (35%), Эмерауд (49%), Йомбо (49%), Тилапия (35%), Азурит (15%) және Көгілдір теңіз 1 (15%) кен орындарында үлеске ие.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>