Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Каспий құбыр консорциумында мұнайды тиеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде

07.09.2022

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Каспий құбыр консорциумында мұнайды тиеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Еске сала кетейік, суасты қалқымалы жабдықты бекіту маңында жарық табылу салдарынан тамыздың 5-сі мен 17-сі күндері бірінші және екінші шығарылатын айлақ құрылғылары істен шыққан болатын. Кейін бірінші шығарылатын айлақ құрылғысында жүк жүйесін тазарту жұмыстары жүргізілді. Екінші шығарылатын айлақ құрылғысының жүк жүйесін тазарту үшін танкер іздеу жұмыстары жалғасуда.

Бұдан бөлек, үшінші шығарылатын айлақ құрылғысының суасты қалқымалы жабдығын тексеру жұмыстары жүргізіліп, одан ешбір ақау табылмады. Қазіргі кезде үшінші айлақтан танкерлерге мұнайды тиеу тұрақты жүріп жатыр, мұнайды жөнелту кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар КҚК суасты қалқымалы жабдықты ауыстыру үшін қажетті технологияларды ұсына алатын әлеуетті компанияларымен келіссөз жүргізіп жатқанын атап айтамыз. Бірінші және екінші айлақ құрылғыларын қайта іске қосу мерзімдері конкурстық рәсімдер өтіп, болашақ мердігермен келісімшарт жасалғаннан кейін белгілі болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>