Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Қашағанда өндірістік жиын өткізді

11.03.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында Қашаған кен орнының операторы — NCOC компаниясының еңбек ұжымымен өндіріс мәселелеріне арналған жиналыс өткізді.

ҚМГ басшысы кен орнының басты өндірістік нысандары — теңіз кешені мен «Болашақ» зауытын аралап көрді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қашағанда шамамен 18,2 млн тонна мұнай өндірілді, оның 3 млн тоннадан астамы ұлттық компанияның үлесіне тиесілі.

Жиын барысында биылғы өндірістік нысандарды күрделі жөндеу бойынша дайындық іс-шараларына, сондай-ақ пайдаланбай тұрған қордың тоқтап тұрған ұңғымаларын қайтару жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. А.Хасенов жоспарланған барлық іс-шараны тиімді жүзеге асырудың және белгіленген мерзімдерді сақтаудың маңызын атап өтті. 

Бұдан бөлек, ҚМГ тарапынан оператор алдында ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келе жатқан Қашаған кен орнын одан әрі дамыту мәселелері көтерілді. Атап айтқанда, кен орнын толық көлемде игерудің ұзақ мерзімді моделімен байланысты игерілмеген учаскелерді дамыту жөніндегі жоспарлар.

Елішілік құндылықтарды дамытуға қатысты елімізде өндірістерді локализациялау үшін «келісімшартты инвестицияға айырбастау» тәсілін тарату қажеттілігі айтылды.

2025 жылы «келісімшартты инвестицияға айырбастау» механизмі аясында Brucke Energy компаниясымен жоғары қысымды сақтандыру клапандарының өндірісін жергілікті деңгейде ашуға, Global Energy Service-пен сақиналы үлгідегі төсемшелерді шығаруға, Hyundai Aktau-мен жедел жәрдем машиналарын жеткізуге келісімдер жасалды.

Сонымен қатар отандық өндірушілерді ынталандыру мақсатында «жергілікті тендер» тетігі бойынша 10 келісімшартқа қол қойылды.

Жалпы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша NCOC сатып алу көлеміндегі қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің үлесі 70% немесе $606 млн құрады. 

Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында NCOC биыл өндірістік процестердің операциялық тиімділігін арттыру үшін жасанды интелектіні қолдана отырып, Digital Oil Field, Video Analytics және CogniteData Fusion технологияларын енгізуді жоспарлап отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>