Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Асхат Хасенов Қаражанбас кен орнына барды

17.04.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның Қаражанбас кен орнына барды.

ҚМГ басшысы негізгі өндірістік объектілерді - мұнайды дайындау және айдау цехын, тұтқырлығы жоғары мұнайды алу тиімділігін ұлғайту үшін пайдаланылатын СБГҚ бу генераторын және 497 ұңғыма қосылған Восток-2 қосалқы станциясын аралап көрді.

Сонымен қатар А.Хасенов ілеспе қабат суын тұщыту зауытында болды. Кәсіпорын Астрахань - Маңғышлақ магистральды су құбыры арқылы келетін судың едәуір көлемін өңір халқының қажетіне бағыттауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта тәулігіне тұщыландырған судың көлемі 13 мың текше метрді құрайды.

Кен орынды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қуаты 4,9 МВт болатын газ поршенді электр станция (ГПЭС) құрылысын салу жобасы іске асырылатын болады.

Сондай-ақ ҚМГ басшысы қызметкерлердің еңбек жағдайымен танысты. 2024 жылы Жол картасы аясында әлеуметтік нысандар жөнделіп, 192 орындық жаңа жатақхана салынды. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Бұдан басқа, ұңғымаларға қызмет көрсету, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ персонал мен жүктерді тасымалдауға арналған техниканы жаңарту жоспарлануда.

ҚМГ басшысы ҚБМ-да өткен кеңес қорытындысы бойынша әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды одан әрі жақсарту, операциялық тиімділікті арттыру, геологиялық-техникалық іс-шараларды уақтылы әрі сапалы орындау және мұнай өндіру көлемін ұстап тұру бойынша бірқатар тапсырма берді.

І тоқсанның қорытындысы бойынша ҚБМ 529 мың тонна мұнай өндірді. Өткен жылы компания 2 млн 153,8 мың тонна мұнай өндірді. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 100,8 мың тоннаға артық. 2025 жылы ағымдағы көрсеткіштерді сақтау жоспарлануда.

Анықтама:
Қаражанбас - Маңғыстау облысындағы тұтқырлығы жоғары мұнай шоғырланған ірі кен орнының бірі. ҚазМұнайГаз кен орнын пайдалану күрделілігіне қарамастан, оны сәтті игеріп, жұмыс тиімділігін жоғары деңгейде көрсетіп келеді. Қызметкерлердің кәсібилігі мен қажырлы еңбегі арқасында жыл сайын мұнай өндіру көлемінің артуы қамтамасыз етілуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>