ҚМГ басшысы «Қаражанбасмұнай» АҚ-ны дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді
23.07.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Қаражанбасмұнай» АҚ-ға (ҚБМ) барып, кәсіпорынды одан әрі дамыту мәселелерін қарады.
Жиында мұнай өндірудің қазіргі көрсеткіштеріне, ресурстық базаны толықтыруға, стратегиялық жобаларды іске асыру барысына, цифрлық трансформацияға және әлеуметтік мәселелерге баса назар аударылды.
ҚБМ-ның ресурстық базаны толықтыруға бағытталған негізгі жобаларының бірі — Теңіз жағалауы аймағын дамыту. Бүгінде бұл учаскеде 8 бағалау және 12 пайдалану ұңғымасы бұрғыланды. Жобаны іске асыру геологиялық қорды 12 млн тоннаға дейін, ал өндірілетін қор көлемін 3 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Мұнай тұтқырлығының жоғары екенін ескере отырып, кен орнын игеру тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше ден қойылды. Бу мен суды кезектестіріп айдауды қоса алғанда, бу-жылумен әсер ету технологиялары енгізіліп жатқан Шығыс учаскесін одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Сондай-ақ өндірістік шығынды оңтайландыру және қабаттардан мұнай алу коэффициентін ұлғайту жөніндегі іс-шаралар талқыланды.
Басым бағыттардың бірі ретінде цифрлық трансформация мәселесі де қарастырылды. ҚБМ-да автопаркті басқаруды автоматтандыруға және аса қауіпті жұмыстарды бақылауға арналған цифрлық шешімдерді енгізу жалғасуда.
Кеңес барысында сондай-ақ ұзақ мерзімді өндірістік жобаларды іске асыру, мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл және қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелері қаралды.
Жиын соңында Асхат Хасенов Теңіз жағалауы аймағын одан әрі игеруді қамтамасыз етуді, ресурстық базаны толықтыру, сондай-ақ заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу, мұнай өндірудің тұрақты деңгейін сақтап тұру және өндірістік процестердің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.