Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадрлық тағайындау туралы хабарлайды

29.05.2023

Әлия Шалабекова «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Төмен көміртекті даму департаментінің директоры болып тағайындалды.

Ә.Шалабекова 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдады. 2007 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында экономика ғылымдарының кандидаты, 2014 жылы Колумбия университетінде (АҚШ) Мемлекеттік басқару мастері дәрежесіне ие болды.

Ә.Шалабекова әр жылдары экологиялық саясат және орнықты даму департаментінің директоры, трансшекаралық өзендер департаментінің директоры, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі болып қызмет етті.

2014 жылдан 2019 жылға дейін ҚР Энергетика министрлігінде халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, жасыл экономика департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Ә.Шалабекова еңбек жолын 1998 жылы ҚР Әділет министрлігінде бюджет департаментінің бас маманы, кейінірек жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің жетекшісі қызметінен бастады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>