Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің аясында негізгі құжаттарға қол қойылды

02.09.2025

Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

  • «KMG PetroChem» ЖШС мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ арасында «Карбамид» жобасына қатысты бірлескен кәсіпорнын құрудың негізгі қағидаттары жөніндегі келісім.
  • ҚМГ мен CNOOC INTERNATIONAL LIMITED арасында стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік келісім. Құжат Қазақстан мен Қытайдан тыс жерде (Орталық Азия мен Каспий теңізі аймағында) геологиялық барлау жобаларын іздеу және көмірсутек кен орындарын игеру мақсатындағы ынтымақтастықты көздейді.
  • ҚР Энергетика министрлігі, ҚМГ және Sinopec International Energy Investment Holdings Netherlands B.V. арасында Батыс Қазақстан облысында орналасқан «Березовский» жер қойнауы учаскесіндегі күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіру жөніндегі келісімшарт.
  • Қытай Даму Банкі, ҚМГ және «KMG PetroChem» ЖШС арасында магистралды құбырлар жобасы аясында қаржы ынтымақтастығына қатысты ниет жөніндегі мәлімдеме.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>