Құдайберген Арымбек «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас директоры болып тағайындалды
05.01.2026
Жаңа басшыны компанияның ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов таныстырды. Қ.Арымбек 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2011 жылы Маңғыстау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы болып бастады. 2012-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешені мемлекеттік инспекциялау комитетіндегі басқармада сарапшы, бас сарапшы қызметтерін атқарды.
2014-2024 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде бас сарапшы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің директоры болды. 2024-2025 жылдары ҚР энергетика вице-министрі лауазымын атқарды.
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС — ҚМГ-ның 100% еншілес кәсіпорны. Компания Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында орналасқан кен орындарды игерумен айналысады.