Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Павлодар мұнай-химия зауытында дизель отынын гидротазалау қондырғысын реконструкциялаудың жаңа кезеңі — зауыт К-304 вакуумды бағана/кептіргішті орнатты

27.02.2025

Павлодар мұнай-химия зауытының («ПМХЗ» ЖШС — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес кәсіпорны) өндіріс базасында депарафинизация блогын іске қосуды қамтитын дизель отынын гидротазалау қондырғысын реконструкциялау жөніндегі ауқымды жоба аясында маңызды қадам жасалды.

Жобаның бас мердігері «EPCM Group» ЖШС зауытқа Suzhou Hailu Heavy Industry Co., Ltd. компаниясы жасап шығарған вакуумды бағананы/кептіргішті жеткізіп орнатты. Бұл жобаның жабдығын монтаждаудың алғашқы кезеңі. Бағананың ұзындығы 36 метр, құжатта көрсетілген жалпы салмағы 60,7 тонна.

Реконструкциялаудың басты мақсаты — қысқы режимде жұмыс істеген кезде минус 28ºС температурада лайланатын қысқы дизель отынын, сондай-ақ К5 класты дизель отынын өндіру.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру нарыққа қысқы дизель отынын шығаруға мүмкіндік береді. Бұл негізінен күн суығанда маусымдық отын тапшылығын сезінетін Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлері үшін маңызды.

 К-304 функциясы — сұйықтықты төмен қысым мен жоғары температурада дизель және бу фракцияларына тиімді бөлу. Жабдық тұтану температурасы мен су құрамына қойылатын талаптарды сақтау үшін реттелген. Бұл оны қауіпсіз пайдалану және түпкілікті өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін маңызды. К-304 вакуумды бағана/кептіргіш — 0,6 кг/см² қысымда және 184°C дейінгі температурада жұмыс істейді, төмен деңгейі мен жоғары температуралы процестер кезінде жеңіл көмірсутектерді жойып, газ өнімді қоспаларды қажетті фракцияларға бөлуді қамтамасыз етеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>