Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен JOGMEC мұнай барлау және өндіру саласында ынтымақтастық орнатты

29.05.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және Жапонияның ұлттық энергоресурстар және метал корпорациясы (JOGMEC) мұнай мен табиғи газды барлау және өндіру саласында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен JOGMEC атқарушы вице-президенті Мори Хироюки қол қойды.

«Аталған меморандум компаниялар арасындағы өзара байланыстың нығаюына серпін беріп, көмірсутектерді барлау мен өндіру саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз», - деп атап өтті А.Хасенов.

Тараптар сондай-ақ ҚМГ мен JOGMEC арасында тәжірибе, білім және технологиялар алмасу арқылы кадрлық әлеуетті дамытуда ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.

Ақпарат үшін:

Жапонияның ұлттық энергоресурстар және метал корпорациясы (Japan Organization for Metals and Energy Security, JOGMEC) – мұнай мен табиғи газды барлау, игеру және өндіруде жапондық жеке компанияларға қолдау білдірумен айналысатын ұлттық корпорация. Ол Жапонияны тұрақты энергия ресурстарымен қамтамасыз ету үшін қаржылық, ақпараттық және техникалық көмек көрсетеді. Компанияның 12 елде 13 халықаралық кеңсесі бар. JOGMEC (бұрынғы атауы – Japan National Oil Corporation, JNOC) 1979 жылдан бастап 30 елде 70 геологиялық-геофизикалық зерттеу жүргізді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>