Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жұмысшы әйелдерді қолдау: JanAru бағдарламасының 40-тан аса қатысушысы оқуды сәтті аяқтады

03.10.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы игі бастамаларды іске асыруда. Компанияның негізгі жобаларының бірі — мұнай-газ саласында еңбек ететін жұмысшы әйелдерді дамытуға бағытталған JanAru білім беру бағдарламасы.

Бүгін Астанада ҚМГ-ның 11 еншілес және тәуелді ұйымдарынан келген 45 әйелге сертификаттар салтанатты түрде табысталды.

Іс-шараға ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚМГ аппарат басшысы Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы, KAZENERGY қауымдастығының адам капиталын дамыту жөніндегі атқарушы директоры Ляззат Ахмурзина, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетова қатысты.

JanAru бағдарламасының мақсаты — өндірісте еңбек ететін әйелдердің кәсіби және тұлғалық дамуына жәрдемдесу.

Қатысушылар арасында сорғы станцияларының машинистері, қабат қысымын ұстап тұру, мұнай-газ өндіру, ұңғымаларды зерттеу және пульттерді басқару жөніндегі операторлар, химиялық талдау зертханашылары, электромонтерлер, тауар операторлары мен аспаздар бар.

Үшінші модуль әйелдер құқығына, эмоционалды интеллектіні және отбасылық құндылықтарды дамытуға арналды.

Оқудың бірінші және екінші кезеңі Ақтау мен Алматы қалаларында сәтті өткізілген болатын.

Жалпы білім бағдарламасы қаржы сауаты, экологиялық жауапкершілік, ысырапсыз өндіріс, цифрландыру және кәсіптік бағдарлау бағыттарын қамтиды.

ҚМГ-ның жұмысшы әйелдеріне арналған JanAru білім беру бағдарламасы алдағы уақытта өз жалғасын табады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>