Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен JANAF өзара түсіністік туралы меморандум қабылдады

25.01.2024

2024 жылы 24 қаңтарда Загреб қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен Jadranski naftovod (JANAF) Өзара түсіністік туралы меморандум қабылдады.

Тараптар мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау және сақтау саласында ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді.

Өзара түсіністік туралы меморандумға ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Булат Закиров және Jadranski naftovod (JANAF) Басқарма төрағасы Степан Аданич қол қойды.

«Құжат экспорт маршруттарын әртараптандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа серпін береді және ҚазМұнайГаздың аталған бағыттағы жоспарларына толық сәйкес келеді. Бұл қадам – қос компания арасындағы серіктестіктің бастауы және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға деген ұмтылысымыздың көрінісі», - деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Булат Закиров.

JANAF – Хорватияның мұнай құбыры жүйесінің операторы. Компания Крк аралындағы мұнай терминалын және Хорватия аумағындағы Адрия мұнай құбырлары жүйесін басқарады. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>