Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Құрманғазы Есқазиевке Губкин университетінің Құрметті докторы атағы берілді

25.02.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиев «И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің (ұлттық зерттеу университеті) Құрметті докторы» атағына ие болды.

Университет тарихында бұл атақ Қазақстанның өкіліне екінші рет беріліп отыр. Бұған дейін бұл марапатқа Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин ие болған.

Құрманғазы Есқазиев — Қазақстанның белгілі геолог-мұнайшылардың бірі. Мұнай-газ саласында 40 жылдан астам қажырлы еңбек етіп келеді.  

И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің «Құрметті докторы» атағы 1994 жылы бекітілді. Ол ғылым, білім және мұнай-газ саласын дамыту жолында ерен еңбек еткен, сондай-ақ ғылым-білім және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан тұлғаларға беріледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>