Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» кадрлық тағайындау туралы хабарлайды

15.02.2024

«ҚазМұнайГаз» кадрлық тағайындау туралы хабарлайды.

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС Бас директоры болып Аман Имандосов тағайындалды.

2024 жылғы 14 ақпандағы Ural Group Limited компаниясының директорлар Кеңесінің шешімімен (акционерлері: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — 50%, MOL Group (Венгрия) — 27,5%, FIOC Sinopec (Қытай) — 22,5%) «Урал Ойл энд Газ»  ЖШС Бас директоры болып Аман  Ғалымжанұлы Имандосов тағайындалды.

Бұған дейін А.Имандосов «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Білімі жоғары, 2001 жылы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы және 2013 жылы И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін «Мұнай-газ бизнесін басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ бастаған, одан кейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС  әр түрлі қызметтер атқарған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>