Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Жапония Парламенті өкілдерімен кездесті

04.05.2026

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жапония сыртқы істер министрінің парламенттік орынбасары Арфия Эри бастаған делегациямен кездесу өткізді.

Тараптар геологиялық барлау саласындағы Жапонияның бизнес-құрылымдарымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Бүгінде ҚМГ ауқымды геологиялық барлау бағдарламасын іске асыруда және ұлттық компания бірқатар перспективті жобаларға қатысуды ұсынды.

Сондай-ақ Қазақстан мұнайын өзара тиімді шарттармен Жапонияға жеткізу мүмкіндіктері туралы сөз болды.

Бұдан бөлек метан шығарындыларын азайту бойынша серіктестіктің әлеуеті қаралды. ҚМГ Қазақстан мен Жапония арасындағы Joint Crediting Mechanism (JCM) тетігі аясында тиісті жобаны іске асыруға қызығушылық білдірді.

А.Хасенов жапондық компаниялармен өзара іс-қимылды нығайту декарбонизация және тұрақты даму салаларында озық технологиялар мен тәжірибелерді енгізу бағытында ерекше маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін жеткізді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>