Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және Өзбекнефтегаз «Жарқын» геологиялық барлау жобасы бойынша келісімге қол қойды

15.11.2025

Бүгін Ташкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен «Өзбекнефтегаз» АҚ (ӨНГ) арасында «Жарқын» жобасы бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

Құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов және ӨНГ Басқарма төрағасы Баходиржон Сидиков қол қойды.

Жарқын учаскесі Маңғыстау облысында орналасқан. Бұдан бұрын ҚМГ жер қойнауын геологиялық зерттеу аясында бұл учаскеде 1 275 бойлық километр көлемінде 2D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізген болатын, оның нәтижелері бойынша перспективті құрылымдар анықталды. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес ҚМГ мен ӨНГ әрқайсының тереңдігі 2000 м болатын 2 барлау ұңғымасын бұрғылауды жоспарлап отыр.

«Жарқын» — екі елдің ұлттық мұнай-газ компанияларының геологиялық барлау саласындағы алғашқы бірлескен жобасы. Бастама Қазақстан мен Өзбекстанның энергетикалық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталып отыр. Қол қойылған келісім жоба бойынша стратегиялық серіктестіктің негізгі талаптарын айқындайды. ҚМГ мен ӨНГ жобаны 50/50 паритеттік негізде жүзеге асыруға келісті. Бұл ретте барлау кезеңін өзбек тарапы қаржыландырады.

Жалпы, ҚазМұнайГаз геологиялық барлау бағытындағы жұмыстарды өз күшімен және халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, жан-жақты дамытуда. Айта кетсек, әлемдік инвесторлар тарапынан Қазақстандағы геологиялық барлау жобаларына деген қызығушылық ҚМГ жүргізген роуд-шоудың және жер қойнауын геологиялық зерттеу аясында батыс өңірлерде жүргізілген озық сейсмикалық зерттеулердің арқасында күшейе түсті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>