ҚМГ мен TotalEnergies «Мирный» жобасын іске асыру барысын талқылады
01.12.2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «TotalEnergies Renewables» компаниясының аға вице-президенті Оливье Жунимен бейнеконференц байланыс арқылы кездесу өткізді.
Жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын, энергия жинақтаудың озық жүйесі бар жел электр станциясының құрылысы бойынша «Мирный» бірлескен жобасын іске асыру барысы қаралды. Қазіргі уақытта компаниялар жобаны нақты іске асыру кезеңіне көшу үшін қажетті ішкі корпоративтік рәсімдер мен жобалау жұмыстарын жүргізуде.
«Мирный» жобасының көміртегі ізін азайту үшін және Қазақстанның парник газдары шығарындыларын қысқарту саласындағы міндеттемелерін орындаудағы маңызы атап өтілді.
Тараптар барлық бағыт бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.