Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және Honeywell цифрлық серіктестікті кеңейтуді талқылады

04.10.2025

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов америкалық Honeywell корпорациясының жаһандық мәселелер жөніндегі вице-президенті Тумкур Савьясачимен кездесті.

ҚМГ мен Honeywell арасындағы ынтымақтастық өндірістік қуаттарды сенімді әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін көптеген шешімдерді қамтиды. Атап айтқанда, бүгінгі таңда Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарында технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері, озық автоматтандыру кешендері (APC — Advanced Process Control), компьютерлік тренажер кешендері, сондай-ақ өндірісті жедел басқару жүйесі (MES — Manufacturing Execution System) және жабдықтың техникалық жағдайына мониторинг жүргізу платформасы (Asset Performance Management) енгізіліп, жұмыс істеп тұр.

Басты назарда — жасанды интеллект негізінде цифрлық көшірмелер мен өнеркәсіптік шешімдерді енгізу.

Сонымен қатар тараптар Атырау МӨЗ-де іске асырылып жатқан жабдықтың істен шығуын алдын алу үшін болжамды сараптама бойынша пилоттық жобаны талқылады. Болжамды сараптама — бұл ықтимал ақауларды болжауға және жоспарлы алдын алу жұмыстарының кестесін оңтайландыруға мүмкіндік беретін, машиналық оқыту алгоритмдеріне негізделген технология. ҚМГ бұл жүйені өнеркәсіпке енгізу жұмыстарын 2026 жылы бастамақшы.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдің мұнай-газ саласын цифрлық трансформациялауға бағдарланған серіктестікті тереңдетуге дайын екенін растады. А.Хасенов атап өткендей, Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген міндеттер тұрғысынан мұнай-газ саласының өндірістік нысандарында жасанды интеллектіні және цифрлық шешімдерді ауқымды қолдану мәселесі ерекше маңызға ие.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>